Бір жылда 234 офтейк-келісімшарт: «Самұрық-Қазына» машина жасау саласына қандай қолдау көрсетеді
36
02 Сәуір 2026
Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы аясында «Самұрық-Қазына» қорының сатып алуларындағы елішілік құнды дамытуға арналған панельдік сессия өтті.
Панельдік сессияға жетекші кәсіпорындардың өкілдері мен сала сарапшылары қатысып, сәтті тәжірибелермен алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.
Қор отандық өндірушілерді белсенді қолдайды, ал оның сатып алу жүйесі ішкі өндірісті дамытуға бағытталған. Маңызды құралдардың бірі – офтейк-келісімшарттар.
«Былтыр машина жасау секторында жалпы сомасы 254 млрд теңге болатын 234 офтейк-келісімшарт жасалды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 2,2 есе жоғары», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алулар әдіснамасы, бақылау және мониторинг департаментінің директоры Азамат Сембай.

Сондай-ақ, ол машина жасау бағыты бойынша жалпы сомасы 212,5 млрд теңге болатын шамамен 3 мың тауар тізімінен тұратын пул қалыптастырылғанын атап өтті. Аталған пул отандық өнімдердің өндірісін кеңейтуге және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған.
Форум аясында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның портфельдік компаниялары мен отандық машина жасау өнімдерін өндірушілер арасында офтейк-келісімшарт және ниеттестік туралы келісімге қол қойылды.
Қазіргі таңда «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесінде жергілікті өндірісті дамытуға бағытталған кешенді қолдау шаралары жүзеге асырылып жатыр.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов NEQSOL Holding компаниясының Б...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Әзербайжанның Цифрлық даму жән...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China Harbour Engineering Comp...
{{ $t('messages.news1') }}
Тиімділікті арттырып, шығындарды азайту: «Самұрық-Қазына» ЖИ жобаларын...