«Самұрық-Қазына» Astana International Exchange алаңында алғашқы панда-облигацияларды орналастыру рәсімін өткізді
40
13 Сәуір 2026
Астанада Қазақстан мен Орталық Азия тарихында алғаш рет «Самұрық-Қазына» қоры Қытайдың ішкі нарығына шығарған панда-облигацияларының салтанатты листинг рәсімі өтті.
Көлемі 3 млрд юань, айналым мерзімі 3 жылды құрайтын дебюттік облигацияларды шығару рекордтық төмен кірістілікпен — жылдық 2,18% деңгейінде орналастырылды.
Бұл қытайлық институционалдық инвесторлардың жоғары сенім білдіретінін (қордың кредиттік рейтингтері – дербес рейтинг деңгейінде) көрсетеді және эмитенттің жоғары кредиттік сапасын растайды.
Аталған мәміле өңірдегі маңызды әрі атаулы оқиғаға айналып, капитал нарығын дамытуда жаңа кезеңге жол ашты. Сондай-ақ, алғаш рет әлемдегі ең ірі әрі өтімді нарықтардың бірі — Қытайдың ішкі қарыз нарығына тікелей қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етті.
Рәсімге «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы, халықаралық қаржы институттарының өкілдері, жетекші андеррайтерлер мен мәміле серіктестері, соның ішінде Bank of China, China International Capital Corporation, China Construction Bank, Deutsche Bank (China) өкілдері, сондай-ақ заң кеңесшілері қатысты.
Іс-шара барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов панда-облигациялардың листингісі Қазақстанның жаһандық капитал нарықтарына қатысу жолындағы маңызды қадам екенін және қаржыландыру көздерін әртараптандыруға бағытталған ұзақ мерзімді стратегияны айқындайтынын атап өтті.
«Бұл – жаһандық капитал нарықтарына қатысу жолындағы маңызды қадам — біз алғаш рет Қытайдың ішкі нарығына шықтық. Облигацияларды орналастыру инвесторлардың қорға, оның қаржылық тұрақтылығына деген сенімдерінің жоғары екенін көрсетті. Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуда маңызды қадам болды», – деді ол.
Сондай-ақ, Жақыпов қаражат «Самұрық-Қазына» тобының негізгі инвестициялық жобаларын іске асыруға бағытталатынын айтты.
Жетекші андеррайтер және жетекші букраннер Bank of China шара туралы: «Бұл мәміле - Қазақстан мен Орталық Азия эмитентінің панда-облигацияларының тарихтағы алғашқы эмиссиясы. Бұл Қытай мен Қазақстан арасындағы жоғары деңгейлі әрі өзара тиімді қаржы ынтымақтастықтағы саласындағы маңызды жетістік және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы өзара әрекеттестікті нығайтудың айқын үлгісі», - деді.
Қосымша жетекші андеррайтер мен букраннер - China International Capital Corporation өкілдері: «Біз үшін «Самұрық-Қазына» панда-облигацияларының маңызды эмиссиясына андеррайтер ретінде қатысу үлкен мәртебе. Бұл — тарихи кезең: Орталық Азиядан шыққан эмитенттің Қытайдың ішкі юаньдық облигациялар нарығындағы алғашқы эмиссиясы және Ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан жасалған алғашқы мәміле. Облигацияларды орналастыру инвесторлардың жоғары қызығушылығын тудырып, институционалдық инвесторлардың әртараптандырылған тобының кеңінен қатысуын қамтамасыз етті. CICC ұйымы үшін бұл нәтиже инвесторлық базаны әртараптандыруды дамытуға және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында нарықтардың өзара байланысын нығайтуға бағытталған бірізді ұстанымымызды көрсетеді», - деді.
Салтанатты шара соңында Astana International Exchange алаңында сауданы іске қосу рәсімі өтті: іс-шараға қатысушылар сауданың басталғанын білдіретін батырманы басып, биржадағы панда-облигациялардың айналымын ресми түрде ашты.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Бұхарада Өзбекстан Республикасының Қайта құру және даму...
{{ $t('messages.news1') }}
араптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты дамыту персп...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» жылдық 2,18% рекордтық төмен мөлшерлемемен панда-бонд...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Корея Республикасының сауда, өнеркәсіп және ресурстар м...