Қордың қоғамдық кеңесінде «Қазақтелекомның» негізгі көрсеткіштері мен жобалары таныстырылды

Қордың қоғамдық кеңесінде «Қазақтелекомның» негізгі көрсеткіштері мен жобалары таныстырылды

37

20 Сәуір 2026

«Қазақтелеком» АҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша Болат Жәмішевтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

«Қазақтелеком» басшысы Бағдат Мусин цифрлық инфрақұрылымды дамыту, сапалы байланысқа қолжетімділікті кеңейту, стратегиялық маңызды жобаларды іске асыру және қызметкерлерді қолдау компанияның басым бағыттары екенін атап өтті.

Бүгінде компания 1,9 млн тіркелген интернет абонентіне, 8,7 млн ұялы байланыс пайдаланушысына және 1,2 млн TV+ қызметінің қолданушысына қызмет көрсетеді. «Қазақтелеком» АҚ Қазақстандағы ең ірі цифрлық инфрақұрылымдардың біріне иелік етеді: талшықты-оптикалық байланыс желілерінің ұзындығы - 92,6 мың шақырым, 9 мыңнан астам базалық станция және 24 деректерді өңдеу орталығы бар.

Компанияның басым бағыттарының бірі – өңір тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жүйесін кеңейту. «Тазарту», «Sapa+» және «Ауыл Online» жобалары аясында 630 мың отбасына жоғары жылдамдықты интернет тартылды. 2027 жылдың соңына дейін ауылдық жерлерде 1 млн-нан астам тұрғын, 1 941 мектеп пен 2 905 мемлекеттік мекеме желіге қосылады.

Каспий теңізі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасы жалғасуда. 2025 жылы «Қазақтелеком» әзербайжандық AzerTelecom компаниясымен бірлесіп Ақтау – Сумгайыт бағыты бойынша суасты оптикалық талшықты кабельді тарту жұмыстарына кірісті. Теңіз және ғылыми-өңдеу зерттеулері аяқталып, кабель өндіріліп, жөнелтілді. 2026 жылы сәуір–маусым айларында оны Каспий теңізіне жеткізу жоспарланған, ал теңіз түбіне төсеу жұмыстары 2026 жылы жазда жүргізілмек.

shared image (8).jpg