«Самұрық-Қазына» мен Erdenes Mongol басшылары ықтимал серіктестікті талқылады
33
22 Сәуір 2026
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Моңғолияның мемлекеттік Erdenes Mongol холдингінің басқарма төрағасы Даваадалай Батсуримен кездесті.
Тараптар корпоративтік басқаруды жетілдіру және операциялық тиімділікті арттыру бағытындағы серіктестікті талқылады. «Самұрық-Қазына» Erdenes Mongol компаниясымен корпоративтік басқару саласындағы сараптамасы және үздік тәжірибелерімен бөлісуге ниетті.
Сонымен қатар, Моңғолияда уранды геологиялық барлау және өндіру бойынша өзара іс-қимыл мен аса маңызды минералдарды бірлесіп зерттеу және барлау мүмкіндіктері қарастырылды.
Erdenes Mongol LLC – Моңғолияның мемлекеттік тау-кен өндірісі саласындағы компаниясы. Елдің стратегиялық пайдалы қазбалар бойынша кен орындарын басқаратын ірі мемлекеттік холдинг. Ондаған еншілес компанияны басқарады және елдің шикізат секторындағы экспорттық кірістер мен экономикалық саясатын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Бір күн бұрын Қазақстан мен Моңғолия президенттерінің қатысуымен «Самұрық-Қазына» және Erdenes Mongol басшылары өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған еді.

{{ $t('messages.news1') }}
«Ақтас Энерджи» ЖШС мен Marubeni Corporation арасында негіздемелік кел...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Өңірлік экологиялық саммит аяс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» донор күні өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің жаңа кезеңі: «Самұрық-Қазына» мен Erdenes Mongol мемора...