«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов ExxonMobil компаниясының аға вице-президенті Питер Ларденмен кездесті
405
28 Сәуір 2026
Кездесу барысында ExxonMobil компаниясымен Қазақстандағы негізгі бірлескен мұнай-газ жобаларының (Теңіз және Қашаған) қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды. Оның ішінде өндірісті ұлғайту, жаңа қуаттарды іске қосу және мұнай тасымалдау мәселелері қаралды.
Сондай-ақ, бірлескен әлеуметтік бастамаларды дамыту мәселесі ерекше атап өтілді. Атырау облысында 300 әйел FIRST LEGO League халықаралық бағдарламасы бойынша сертификатталған тренер атанып, бүгінде балаларға инженерия мен робот техникасын үйретіп жүр. Биыл Маңғыстау облысында тағы 300 әйелді STEM дағдыларына оқыту жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, ExxonMobil топтың қайырымдылық марафонына қолдау көрсетті. Жиналған қаражат ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзия кабинеттерін ашуға жұмсалады.
ExxonMobil — әлемдегі ірі мұнай-газ компанияларының бірі, штаб-пәтері АҚШ-тың Ирвинг қаласында орналасқан. Компания Қазақстанда 1993 жылы қызметін бастады және елде мұнай-газ саласындағы алғашқы ірі инвесторлардың бірі болды. ExxonMobil «Теңізшевройл» ЖШС, Солтүстік Каспий (Қашаған) және Каспий құбыр консорциумы жобаларына қатысады.

{{ $t('messages.news1') }}
Президенттің Брюссельге сапары: «Самұрық-Қазына» халықаралық серіктест...
{{ $t('messages.news1') }}
Air Astana мен Airbus әуе кемелерін сатып алу бойынша тікелей тапсырыс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Mediterranean Shipping Company (MSC) басшылығ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Airbus авиация саласындағы серіктестікті дамыту м...