«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов KEGOC директорлар кеңесінің отырысын өткізді
75
30 Сәуір 2026
Компания басшылығының есептерін қарау барысында бірінші тоқсан қорытындысы бойынша оң қаржылық нәтижелер атап өтілді.
Негізгі көрсеткіштер:
2026 жылдың I тоқсанында негізгі қызметтен түскен табыс 131,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42%-ға жоғары болды;
2026 жылдың I тоқсанындағы таза пайда 34,4 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 85%-ға артты.
Елдің батыс өңірінде энергетикалық жүйені Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен біріктіру жобасы белсенді іске асырылып жатыр. Жоба аясында 500 кВ «Қарабатан» қосалқы станциясының құрылысы, «Өлке» қосалқы станциясын жаңғырту және ұзындығы 600 км-ден асатын электр желілерін тарту жұмыстары атқарылып жатыр. Жоба электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес жылдам жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар, компания Оңтүстік Қазақстанның электр инфрақұрылымын күшейту жобасын іске асыруда. Жұмыстар аясында 500 кВ санатында үш қосалқы станцияны жаңғырту және жалпы ұзындығы шамамен 475 км электр желісін салу көзделген. Жоба «Алматы – Жамбыл» бағыты бойынша Солтүстік–Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін 440 МВт-қа арттыруға, оңтүстік өңірлердегі энергиямен жабдықтау тұрақтылығын күшейтуге және жаңа қуаттарды іске қосуға мүмкіндік береді. Нысан 2027 жылы 1 шілдеде мерзімінен бұрын іске қосылады деп жоспарланған.
Бұдан бөлек, «KEGOC.AI ұлттық зияткерлік энергия жүйесі» жобасы AI Governance Cup байқауында үздік деп танылды. Финалда 46 бастама бақ сынасқан шарада марапатты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады. Жасанды интеллект негізіндегі жүйе нақты уақыт режимінде энергия жүйесінің деректерін талдап, жүктемені болжайды және ықтимал қауіп-қатерді анықтайды, осылайша басқару дәлдігін арттырып, елдің энергиямен жабдықтау сенімділігін күшейтеді.
Тиімділікті одан әрі арттыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу бағытында жұмыстар жалғасуда.
{{ $t('messages.news1') }}
Қарағанды облысында ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ «Қазақтелеком» АҚ акцияларын сатып алғаны туралы х...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Air Products компаниясының басшылығ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов ExxonMobil компаниясының аға в...