Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас директоры Бонни Й Чанмен келіссөз өткізді
139
05 Мамыр 2026
Кездесуде Гонконг қор биржасы «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының ықтимал IPO-сын өткізуге арналған халықаралық алаңдардың бірі ретінде қарастырылатыны айтылды.
Тараптар аталған шараның ықтимал параметрлерін, оның ішінде мәміле құрылымы мен реттеуші талаптарды талқылады.

Сондай-ақ, Қытай мен Еуропа арасындағы негізгі сауда бағыттарының тоғысында орналасқан Қазақстанның Еуразия өңіріндегі транзиттік әрі экономикалық хаб ретіндегі маңызы аталды.
HKEX – әлемдегі ірі биржалық топтардың бірі және капитал тартуға арналған жетекші халықаралық алаң. 2025 жылдың қорытындысы бойынша биржа IPO көлемі бойынша әлемде бірінші орын алды және Азиядағы негізгі қаржы хабы және жаһандық капитал нарықтарының басты орталықтарының бірі ретінде өз мәртебесін растады.

{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Specialist Risk Group (SRG) компаниясының Азия-Тынық мұ...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...