«Самұрық-Қазына» мен америкалық Ashmore Group басшылығы Алматыдағы жаңа халықаралық клиника жобасын талқылады

«Самұрық-Қазына» мен америкалық Ashmore Group басшылығы Алматыдағы жаңа халықаралық клиника жобасын талқылады

28

13 Мамыр 2026

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ashmore Group plc компаниясының бас директоры Марк Кумбспен кездесті. Тараптар Қазақстанда премиум санаттағы халықаралық клиника салу бойынша бірлескен жобаны талқылады.

Сәуірде АХҚО негізінде «SK-AshmoreAHI Limited» бірлескен компаниясы құрылған.

Жоба құны 150 млн доллардан асады. Сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі медицина операторын тарту жоспарланып отыр. Жаңа орталық қазақстандықтар мен шетел азаматтарына жоғары сапалы медициналық қызмет көрсететін өңірлік хабқа айналады деп күтіледі.

Еске сала кетсек, заманауи медициналық орталық салу туралы 2025 жылы қарашада Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапары аясында жарияланған еді.

Ashmore Group plc — акциялары Лондон қор биржасының айналымына шығатын және FTSE 250 индексіне кіретін инвестициялық холдинг. Оның құрамына денсаулық сақтау және іргелес салалардағы жобаларға инвестиция салу, оларды басқару және дамытумен айналысатын Ashmore Healthcare International компаниясы кіреді.

Image - 2026-05-13T184619.874.jpeg