ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
46
25 Мамыр 2026
«Самұрық-Қазына» АҚ-да «Қазақстан темір жолы» қызметінің негізгі көрсеткіштеріне арналған қордың Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
«ҚТЖ» басшысы Талғат Алдыбергенов компанияның 2025 жылғы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындылары жайлы баяндап, дамудың басым бағыттарын атап өтті.
2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚТЖ-ның барлық негізгі көрсеткіштері бойынша өсім байқалды. Жүк айналымы 7%-ға, тасымал көлемі 6%-ға, транзит 20%-ға, экспорт 7%-ға артты. Компанияның түсімі 27%-ға, ал таза пайдасы 2,1 есеге өсті. Оң динамика 2026 жылдың бірінші тоқсанында да сақталған.
ҚТЖ тартқыш жылжымалы құрамды жаңартуды жалғастырып жатыр. 2023–2025 жылдары 433 локомотив сатып алынды. Локомотив паркінің орташа тозу деңгейі 66%-дан 58%-ға дейін төмендеп, өнімділік артты және пойыз қозғалысының жағдайы жақсарды.
Жолаушылар паркін жаңарту жұмыстары да жалғасып жатыр. Екі жыл ішінде жолаушылар вагондарының тозу деңгейі 46%-дан 36%-ға дейін төмендеді. 2030 жылға дейін тағы 746 жаңа вагонды жеткізу жоспарланып отыр.
Ұлттық компания теміржол инфрақұрылымын дамытудың ауқымды бағдарламасын іске асыруда. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы шамамен 900 шақырым болатын жаңа желілердің құрылысы және ұзындығы 3 мың шақырымға жуық учаскелерді автобұғаттау жүйесін енгізе отырып жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Негізгі жобалардың қатарында Дарбаза – Мақтаарал, Мойынты – Қызылжар, Бақты – Аягөз желілері мен Алматы станциясының айналма желісі бар. Жаңғыртылған бірқатар учаскелер, оның ішінде Қызылжар – Сексеуіл, Алтынкөл – Жетіген және Ақсу – Жаңа-Семей бағыттары мерзімінен бұрын пайдалануға берілді.
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Oman Investment Authority през...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан Республикасының Конституциясы