Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лидің Қазақстанға жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ мен портфельдік компаниялар және Гонконгтық серіктестер арасында бірқатар құжат алмасу рәсімі өтті.
35
02 Маусым 2026
Олар:
«Самұрық-Қазына» АҚ мен China International Capital Corporation Hong Kong Securities Limited арасындағы Гонконгтың қаржы нарықтарымен өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум. Құжат «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның жоспарланған IPO-сы қарсаңында қытайлық серіктестермен және Гонконгтың қаржы институттарымен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
«Самұрық-Қазына» АҚ мен Bank of China (Hong Kong) Limited (BOCHK) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Құжат «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның Гонконг қор биржасындағы (HKEX) әлеуетті IPO-сына дайындық аясындағы ынтымақтастықты көздейді.
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен Ewpartners Investment Management Limited арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Құжат тараптардың гемодиализге арналған өнімдерді (диализаторлар мен мембраналарды) өндіру жобаларына инвестиция құю, оның ішінде Қазақстан аумағында жобаны іске асыру жөніндегі ниеттерін бекітеді.
Air Astana әуе компаниясы мен China International Capital Corporation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Құжат капитал нарықтары, инвестициялар тарту және стратегиялық қаржылық консалтинг салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
«Қазақтелеком» АҚ мен PCCW OTT (Hong Kong) Limited арасындағы цифрлық медиа және стримингтік сервистер саласындағы серіктестікті дамыту туралы меморандум.
Аталған құжаттар Қазақстан мен Гонконг арасындағы қаржылық, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Гонконг әкімшілігінің басшысы ...
{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...