«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лимен кездесті
42
02 Маусым 2026
Кездесу Қазақстан мен әлемдегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі диалогтың жалғасы болды.
Тараптар «Самұрық-Қазынаның» 3 млрд юань көлеміндегі дебюттік панда-бондтарын сәтті орналастыруын және «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның 1,25 млрд юань көлеміндегі дим-сам облигацияларының нарыққа шығуын атап өтті. Екі мәміле де халықаралық инвесторлардың сенімі жоғары екенін растады.
Келіссөздер барысында «Қазақстан темір жолы» компаниясының IPO-ға дайындығы және оның халықаралық жетекші алаңдарда, оның ішінде Гонконг қор биржасында листингке шығуы басты назарда болды.
«ҚТЖ IPO-сын сәтті өткізу Қазақстан мен Гонконг арасындағы қаржылық ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңіне айналып, қазақстандық эмитенттердің Гонконг қор биржасына шығуын одан әрі кеңейтуге негіз болады деп сенеміз», – деді Нұрлан Жақыпов.
Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» АҚ мен Invest Hong Kong арасында Гонконгтың қаржы нарықтарымен ынтымақтастықты дамытуға және қытайлық серіктестермен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумдармен алмасу рәсімі өтті.

{{ $t('messages.news1') }}
Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лидің Қазақстанға жұмыс сапары аясы...
{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...