«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China International Capital Corporation (CICC) директорлар кеңесі төрағасының орынбасары әрі президенті Ван Шугуанмен кездесті
26
03 Маусым 2026
Тараптар инвестициялар мен капитал нарықтары саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Гонконг әкімшілігі басшысы Джон Лидің Қазақстанға ресми сапары аясында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру мәселелерін талқылады.
Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» қорының алғашқы панда-облигацияларын орналастыру және «ҚазМұнайГаздың» дим-сам облигацияларын шығару кезіндегі CICC-пен табысты серіктестікті атап өтті.
2026 жылдың соңына жоспарланған «Қазақстан темір жолы» АҚ IPO-сының дайындығына ерекше көңіл бөлінді. Тараптар халықаралық инвесторлармен өзара іс-қимыл және компанияны жаһандық капитал нарықтарына шығару мәселелерін талқылады.
China International Capital Corporation – Қытайдың жетекші инвестициялық банкі. Компания қаржылық қызметтердің толық спектрін ұсынады, Қытай аумағында 200-ден астам кеңсесі және Гонконг, Нью-Йорк, Лондон, Сингапур, Франкфурт, Токио, Вьетнам және Дубайда өкілдіктері мен еншілес компанияларының желісі бар.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Гонконг әкімшілігінің басшысы ...
{{ $t('messages.news1') }}
Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лидің Қазақстанға жұмыс сапары аясы...
{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр