«Самұрық-Қазынада» Қытайдың Атом энергиясы агенттігінің (China Atomic Energy Authority) басшылығымен кездесу өтті

«Самұрық-Қазынада» Қытайдың Атом энергиясы агенттігінің (China Atomic Energy Authority) басшылығымен кездесу өтті

41

11 Маусым 2026

Жиынға «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Қытайдың Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Лю Цзин (LIU Jing), CNNC вице-президенті Чжан Кай (ZHANG Kai), «Қазатомөнеркәсіп» басшысы Мейіржан Юсупов және басқа да өкілдер қатысты.

Екі жақ атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

WhatsApp Image 2026-06-04 at 09.38.05.jpeg

China Atomic Energy Authority (CAEA)  – атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласын дамытуға және реттеуге жауапты ҚХР-дың мемлекеттік органы. Агенттік ядролық саладағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестіреді, ядролық материалдардың айналымын бақылайды және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын үйлестіреді.

Ал China National Nuclear Corporation – Қытайдағы атом өнеркәсібінің жетекші компанияларының бірі. Корпорация уран өндіруден бастап атом электр станцияларына арналған отын өндіруге дейінгі барлық өндірістік кезеңдерді қамтиды. «Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниясы – «Қазатомөнеркәсіп» пен CNNC ұзақ жылдан бері табиғи уран жеткізу бағытында ұзақмерзімді серіктестік орнатып келеді.

WhatsApp Image 2026-06-11 at 11.16.24.jpeg

WhatsApp Image 2026-06-11 at 11.16.23 (1).jpeg