«Самұрық-Қазына» сыртқы рейтингілік қамту құрылымын оңтайландыру туралы хабарлайды

«Самұрық-Қазына» сыртқы рейтингілік қамту құрылымын оңтайландыру туралы хабарлайды

39

15 Маусым 2026

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі – Қор) өз бастамасымен S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігімен серіктестікті тоқтатқанын хабарлайды.

Осыған байланысты 2026 жылы 12 маусымда S&P Global Ratings Қордың өтініші бойынша Қорға берілген рейтингілерді қайтарып алды. Қайтарып алу кезінде Қордың ұзақ мерзімді кредиттік рейтингісі «BBB-» инвестициялық санатында, болжаммен «Оң» деңгейде болды. Рейтингінің қайтарылуы агенттіктің қандай да бір рейтингтілік әрекеттеріне немесе Қордың кредиттік бейінінің өзгеруіне байланысты емес.

Аталған шешім - Қор жүргізіп жатқан сыртқы рейтингілік қамту құрылымын және соған байланысты шығындарды оңтайландыру жұмыстарының бір бөлігі. Үш халықаралық агенттік рейтингілерін бір мезгілде қолдау реттеушілік талап та, Қордың міндеттемесі де емес. Қазіргі таңда екі жетекші халықаралық агенттіктің рейтингілік қамту деңгейі осындай деңгейдегі эмитенттер үшін қалыптасқан нарықтық тәжірибеге толықтай сай келеді.

Қордың екі жетекші халықаралық агенттіктен алынған инвестициялық деңгейдегі қолданыстағы кредиттік рейтингілері сақталады:

•  Fitch Ratings – «BBB», болжамы «Тұрақты»;
•  Moody’s Ratings – «Baa1», болжамы «Тұрақты».

Аталған рейтингілік қамту халықаралық капитал нарықтарының талаптарына толықтай сәйкес келеді және Қордың қолданыстағы қаржылық құжаттамасы үшін жеткілікті. Қабылданған шешім Қордың кредиттік бейініндегі, қаржылық жағдайындағы немесе стратегиясындағы қандай да бір өзгерістерді білдірмейді.

Бұдан бөлек, Қытайдың ішкі қарыз нарығында облигациялар шығару бағдарламасы («панда-бондтар») аясында Қор China Chengxin International (CCXI) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша «AAA» деңгейіндегі рейтингі мен «Тұрақты» болжамын сақтап отыр. Бұл Қордың Қытайдың капитал нарығында ұзақ мерзімге қалуға ниетті екенін көрсетеді.

Қор инвесторлар мен кредиторлар алдындағы ашықтық қағидаттарын және ақпаратты жария етудің жоғары стандарттарын ұстанатынын растайды. S&P Global Ratings агенттік рейтингілерінің қайтарылуы Қордың айналымдағы қарыз құралдары бойынша міндеттемелеріне әсер етпейді.