«Самұрық-Қазына» басшысы Mediterranean Shipping Company (MSC) басшылығымен кездесті

«Самұрық-Қазына» басшысы Mediterranean Shipping Company (MSC) басшылығымен кездесті

33

23 Маусым 2026

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Брюссельде контейнерлік тасымал және мультимодальді логистика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – Mediterranean Shipping Company (MSC) компаниясының аға вице-президенті Эдуард Зигристпен кездесті.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан арқылы өтетін жүк ағынын ұлғайту, контейнерлік қызметтерді дамыту, теміржол және теңіз тасымалдарын біріктіру, сондай-ақ жеткізу тізбектерін басқаруға цифрлық шешімдерді енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

MSC – кеме қатынасы және контейнерлік тасымалмен айналысатын әлемдегі ірі компания. Флотында 900-ден астам контейнерлік кеме мен 7 жүк ұшағы бар. Сондай-ақ, 70 портты басқарады және әлемнің 155 елінде 675 өкілдігі жұмыс істейді. Жыл сайын MSC әлем бойынша 300-ден астам бағытта шамамен 27 миллион контейнерді тасымалдайды.