Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысы басталды
40
29 Маусым 2026
Жоба Masdar компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Бүгін болашақ энергетика нысанының капсуласын салтанатты түрде салу рәсімі өтті.
Іс-шараға телекөпір форматында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов, ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев және Masdar компаниясының басқарма төрағасы Мұхаммед Әл Рамахи қатысты. Ал «Самұрық-Энерго» басшысы Қайрат Мақсұтов құрылыс алаңында жобаны ресми түрде іске қосты.
«Жаңа жел электр станциясы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, Қазақстандағы жасыл энергетиканы дамытуға да елеулі үлес қосады», – деді Нұрлан Жақыпов құттықтау сөзінде.
Жобаға жалпы көлемі 1,4 млрд доллар инвестиция салынады. Пайдалануға берілгеннен кейін станция жыл сайын шамамен 3,4 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндіріп, 880 мыңға жуық үй шаруашылығын таза энергиямен қамтамасыз етпек.
Жел электр станциясын 2029 жылы іске қосу жоспарланып отыр.


{{ $t('messages.news1') }}
Президенттің Брюссельге сапары: «Самұрық-Қазына» халықаралық серіктест...
{{ $t('messages.news1') }}
Air Astana мен Airbus әуе кемелерін сатып алу бойынша тікелей тапсырыс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Mediterranean Shipping Company (MSC) басшылығ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Airbus авиация саласындағы серіктестікті дамыту м...