«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Alstom компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша президенті Мартан Вожурмен кездесті
329
01 Шілде 2026
Кездесу барысында Нұрлан Жақыпов Alstom компаниясы Қазақстанның теміржол саласындағы негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесі, атап айтқанда офтейк-келісімшарттар жасау мүмкіндігі арқасында компания «Электровоз құрастыру зауыты» кәсіпорнында өндірісті сәтті дамытып келеді.
Зауытта жүк және жолаушылар электровоздары шығарылады. 2025 жылы желтоқсанда 205 жаңа электровозды сатып алуға келісімшарт жасалған. Олар 2029–2036 жылдары жеткізілуі тиіс. Ал 2026 жылы маусымда «Қазақстан темір жолы» мен Alstom осы электровоздарға сервистік қызмет көрсету туралы келісімге қол қойды. Жоба Астана, Арыс, Шу және Алматы қалаларында іске асырылмақ.
Alstom мен «Қазақстан темір жолы» арасындағы серіктестік Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі көлік машина жасау саласындағы көшбасшылық позициясын нығайтуға мүмкіндік берді.
Alstom (Франция) – теміржол көлігі саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі. Ол Қазақстанда 2010 жылдан бері жұмыс істейді және 1 000-нан астам қызметкері бар (7 өндірістік нысаннан тұратын) ауқымды өнеркәсіптік базаны қалыптастырды. Сонымен қатар, француз компаниясы Шетелдік инвесторлар кеңесінің бақылаушысы қызметін атқарады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ақтөбе қаласындағы дене шынықт...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Қазхром» АҚ-ның (ERG құрамынд...
{{ $t('messages.news1') }}
Ақтөбеде «Самұрық-Қазына» қолдауымен 10 инклюзия кабинеті ашылды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ақтөбеге жұмыс сапары аясында ...