«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов жапониялық Marubeni корпорациясының атқарушы басқарушы директоры Сатору Ичинокавамен кездесті
47
03 Шілде 2026
Кездесу барысында тараптар «Самұрық-Қазына» мен Marubeni арасындағы серіктестік перспективаларын талқылады. Атом энергетикасы мен авиация салаларындағы бірлескен жобалардың сәтті жүзеге асырылғаны айтылды.
Жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және Joint Crediting Mechanism (JCM) тетігін іске асыруға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, тараптар «Самұрық-Қазына» мен TotalEnergies бірлесіп жүзеге асырып жатқан Жамбыл облысындағы қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жөніндегі жоба аясында көміртегі кредиттерін шығару және іске асыру бойынша бірлескен бастаманы талқылады.
Marubeni Corporation – 1858 жылы құрылған, Жапониядағы ең ірі сауда-инвестициялық компаниялардың бірі. Штаб-пәтері Токиода орналасқан. Компанияның әлем бойынша 50 мыңға жуық қызметкері, 130 кеңсесі бар. Marubeni энергетика, инфрақұрылым, өнеркәсіп және жаңартылатын энергия көздері салаларында жобаларды жүзеге асырады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Glencore тау-кен металлургиясы саласындағы серікт...
{{ $t('messages.news1') }}
ЕҚҚДБ «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесін қолданбақ
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Шетелдік инвесторлар кеңесі ая...
{{ $t('messages.news1') }}
Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жа...