«Самұрық-Қазынаға» Цинхуа Университетіндегі Executive MBA бағдарламасының қатысушылары келді

«Самұрық-Қазынаға» Цинхуа Университетіндегі Executive MBA бағдарламасының қатысушылары келді

40

03 Шілде 2026

Әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Цинхуа университетінің Executive MBA бағдарламасының қатысушыларынан құралған делегация «Самұрық-Қазына» қорына келді. Делегация құрамында Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қаржы технологиялары, цифрлық сервистер, өнеркәсіп, инвестициялар және энергетика салаларындағы ірі компаниялардың басшылары мен топ-менеджерлері болды. Олардың қатарында Tencent Holdings, WeBank, Affirma Capital, Lexin Group, Weihua Group, New Horizon Capital, QF Pay, Fujian Yanan Power Group және басқа да компаниялардың өкілдері бар.

Қазақстанға сапар Executive MBA бағдарламасының халықаралық білім беру модулі аясында ұйымдастырылды. Оның барысында қатысушылар жетекші компаниялардың қызметімен танысып, табысты бизнес тәжірибелерін және түрлі елдердің инвестициялық мүмкіндіктерін зерттейді.

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов делегацияны қордың және оның портфельдік компанияларының қызметімен және Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Image (21).jpeg

Қор басшысы «Самұрық-Қазына» басқаруындағы активтердің жалпы құны 88 млрд долларды құрайтынын атап өтті. Бүгінде қор мұнай-газ, энергетика, көлік-логистика және телекоммуникация салаларында ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды белсенді дамытуда. Қазіргі таңда компаниялар тобында негізгі қызмет бағыттары бойынша жасанды интеллект саласындағы 62 жоба іске асырылып жатыр.

Цинхуа университеті әлемдегі үздік жоғары оқу орындарының қатарында және инженерлік білім беру, экономика мен менеджмент салаларындағы көшбасшылардың бірі саналады. Executive MBA бағдарламасы жоғары буын басшыларын, кәсіпкерлерді және халықаралық компаниялардың топ-менеджерлерін біріктіреді. Бағдарламаның маңызды құрамдас бөліктерінің бірі – халықаралық таныстыру сапарлары. Оның аясында қатысушылар жетекші ұйымдардың тәжірибесін, бизнес пен инвестицияны дамытуға арналған перспективалы бағыттарын зерттейді.

«Самұрық-Қазына» қорының осындай бағдарламаға енгізілуі халықаралық бизнес қауымдастығының қордың қызметіне, оның портфельдік компанияларына және Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді.

Image (23).jpeg