«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Алешка Симкичпен кездесті
557
13 Шілде 2026
Тараптар «Самұрық-Қазына» мен Еуропалық Одақ арасындағы энергетика, көлік және логистика, аса маңызды шикізат материалдарын жеткізу тізбегін дамыту, цифрлық трансформация, «жасыл» экономика және тұрақты даму салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
«Еуропалық Одақ - Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі», - деді Нұрлан Жақыпов. Айтуынша, елдегі негізгі ұлттық компанияларды біріктіретін «Самұрық-Қазына» үшін еуропалық серіктестермен ынтымақтастықтың стратегиялық маңызы зор.
Тараптар серіктестікті кеңейтуге, бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ озық технологиялар мен тәжірибе алмасуға өзара мүдделі екенін растады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...