Қытайда «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China Communications Construction Company (CCCC) компаниясының президенті Чжан Биннанмен кездесті
44
15 Шілде 2026
Кездесуге сондай-ақ China Harbour Engineering Company (CHEC) және China International Water & Electric Corporation (CWE) еншілес компанияларының өкілдері қатысты.
Тараптар көлік, порт және энергетикалық инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ Қазақстандағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Тараптар бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудағы нәтижелі серіктестікті атап өтті. Атап айтқанда, Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысы және Ақтау портында теңіз түбін тереңдету жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Бұған дейін CWE Қазақстанда Мойнақ су электр станциясының құрылысы кезінде EPC-мердігері болған.
Кездесу қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ мен China Communications Construction Company Limited арасында Қазақстанда теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу саласындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімге, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ мен China International Water & Electric Corporation (CWE) арасында гидроаккумуляциялық электр станциясын салу жобасын бірлесіп әзірлеу туралы келісімге (Joint Development Agreement) қол қойылды.
China Communications Construction Company (CCCC) – Қытайдың мемлекеттік компаниясы. Инженерлік-құрылыс қызметтері саласындағы әлемдік мердігерлер арасында 4-орында тұр.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов YTO International Express and ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Huawei компаниясының Таяу Шығы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Шанхайда Power China компанияс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов SANY Renewable Energy компания...