«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов SANY Renewable Energy компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ли Цянмен кездесті

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов SANY Renewable Energy компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Ли Цянмен кездесті

40

15 Шілде 2026

Тараптар жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды және «жасыл» энергетика бағытындағы серіктестікті одан әрі нығайту жайында талқылады. Қор мен SANY Жамбыл облысында қуаты жылына 2 ГВт болатын жел энергетикасына арналған компоненттерді локализациялау зауытын іске қосты. Бұл кәсіпорын Қазақстандағы жаңартылатын энергетика саласындағы ең ірі индустриялық жобалардың бірі болып саналады.

Кездесудің негізгі қорытындысы ретінде «Самұрық-Энерго» АҚ мен SANY Renewable Energy арасында Жетісу облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу жобасы бойынша Акционерлік келісімге қол қойылды.

Аталған жобаны іске асыру Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуда, озық технологияларды тартуда және экономиканы көміртексіздендіру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізуде маңызды қадам болады.

SANY Renewable Energy – жаңартылатын энергетикаға арналған жабдықтарды шығаратын әлемдік көшбасшылардың бірі SANY Group компаниясының еншілес кәсіпорны.

WhatsApp Image 2026-07-15 at 10.16.02.jpeg