«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов YTO International Express and Supply Chain Technology компаниясының бас директоры, YTO Express вице-президенті Чжоу Цзянмен кездесті
45
15 Шілде 2026
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі саналатын трансшекаралық электрондық коммерция мен халықаралық логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
YTO Express пен «Қазпошта» АҚ арасындағы серіктестікті дамытуға ерекше назар аударылды. Тараптар Qazpost-YTO бірлескен кәсіпорын қызметінің нәтижелерін атап өтті. Аталған кәсіпорынның 40% үлесі «Қазпоштаға», 60%-ы YTO Express компаниясына тиесілі.
Екі жыл ішінде бірлескен кәсіпорын Қытайдан жеткізілген 11,4 миллионнан астам сәлемдемені өңдеді. Ал оның өткізу қабілеті тәулігіне 8 мыңнан 20 мың жөнелтілімге дейін ұлғайды.
Тараптар серіктестікті одан әрі нығайтуға, логистикалық инфрақұрылымды дамытуға және Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық тасымалдар көлемін арттыруға өзара мүдделі екенін растады.

{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Shanghai Pudong Development Bank президенті Се Вэймен к...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Huawei компаниясының Таяу Шығы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Шанхайда Power China компанияс...
{{ $t('messages.news1') }}
Қытайда «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China Communications C...