Нұрлан Жақыпов Shanghai Pudong Development Bank президенті Се Вэймен кездесті

Нұрлан Жақыпов Shanghai Pudong Development Bank президенті Се Вэймен кездесті

53

15 Шілде 2026

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Shanghai Pudong Development Bank (SPD Bank) президенті және Директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Се Вэймен кездесті.

Қор басшылығы кездесу барысында «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының инвестициялық әлеуетін таныстырды. Сондай-ақ, тараптар топ компанияларын IPO-ға шығару бойынша жобаларға банктің қатысу перспективаларын талқылады.

Shanghai Pudong Development Bank (SPD Bank) – 1992 жылы Шанхай қаласы үкіметінің қолдауымен құрылған Қытайдың ең ірі коммерциялық банктерінің бірі. Банк елдің жетекші қаржы институттарының қатарына кіреді және корпоративтік, инвестициялық әрі халықаралық банк қызметтерінің кең ауқымын ұсынып, ірі инфрақұрылымдық және трансшекаралық жобаларды қаржыландыруға белсенді қатысады.

Image (34).jpeg

Image (35).jpeg