Нұрлан Жақыпов Шанхайда CITIC Group Директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуамен кездесті
743
15 Шілде 2026
Тараптар «Самұрық-Қазына» мен CITIC Group арасындағы стратегиялық серіктестікті әрі қарай дамыту мәселелерін талқылады. Негізгі назар мұнай-газ химиясы саласындағы ынтымақтастыққа, қаражат тартуға және капитал нарығындағы жобаларды дамытуға аударылды.
Тараптар бірлескен жобалардың (Caspi Bitum зауытын жаңғырту, «Қаражанбасмұнай») сәтті іске асырылып жатқанын атап өтті. Серіктестіктің маңызды бағыттарының бірі – этан-пропан құбырын салу. Құбыр Теңіз кен орнынан Қазақстандағы полиэтилен және полипропилен өндіретін зауыттарға этан мен пропанды қауіпсіз әрі сенімді тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі алаңында бастау алған бастамаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. «Самұрық-Қазына» мен CITIC Group аталған кеңестің тең төрағалары қызметін атқарады. Іскерлік кеңестің соңғы екі отырысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы шамамен 20 млрд долларды құрайтын 110-нан астам коммерциялық құжатқа қол қойылған еді.
CITIC Group – қаржы-банк қызметі, сақтандыру, өнеркәсіп пен құрылысқа инвестиция салу, энергетика, көлік және телекоммуникация салаларында жұмыс істейтін мемлекеттік ірі конгломерат.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...