«Самұрық-Қазына» тобы Қытай компанияларымен 4,29 млрд долларлық келісімдер жасасты
669
16 Шілде 2026
Мемлекет басшысының Шанхайға ресми сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының желісі бойынша цифрландыру, энергетика, көлік, телекоммуникация және өнеркәсіп салаларындағы жетекші қытайлық компаниялармен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған жалпы сомасы 4,29 млрд АҚШ доллары болатын 19 құжатқа қол қойылды.
ҚР Президентінің қатысуымен қол қойылған құжаттар:
«Самұрық-Қазына» АҚ мен Huawei Technologies компаниясы арасында технологиялық шешімдер мен жабдықтарды сатып алу туралы келісім;
«Қазақтелеком» АҚ мен Hengtong Group арасында «Деректер орталықтары алқабын» дамыту жөніндегі ынтымақтастықтың негізгі қағидалары туралы келісім;
«Самұрық-Қазына» АҚ, Freedom Holding Corp., Астана қаласының әкімдігі және Geely Auto Group арасында электр көлігі инфрақұрылымын дамыту және жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.
Қазақстан–Қытай дөңгелек үстелі аясында тағы 4 құжатқа қол қойылды:
«QazaqGaz Aimaq» АҚ мен Goldcard Smart Group арасында «Aqyl Energy» жобасының екінші кезеңін іске асыру туралы келісім;
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС мен Goldcard Smart Group арасында интеллектуалды су есептеу құралдарын локализациялау бойынша ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы құжат;
«Қазақстан темір жолы» АҚ, «Транстелеком» АҚ және Huawei Technologies арасындағы ынтымақтастық туралы үшжақты негіздемелік келісім;
• «Қазақстан темір жолы» АҚ мен SPSI Cloud Port Development Group Co., Ltd. арасында цифрлық технологияларды енгізу арқылы агрохабтар құру жөніндегі инвестициялық ынтымақтастық туралы келісім.
Қол қойылған құжаттар озық технологияларды тартуға, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға және Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ақтөбе қаласындағы дене шынықт...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Қазхром» АҚ-ның (ERG құрамынд...
{{ $t('messages.news1') }}
Ақтөбеде «Самұрық-Қазына» қолдауымен 10 инклюзия кабинеті ашылды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ақтөбеге жұмыс сапары аясында ...