Жаңартылған Қастеев музейі: арт-зертхана, цифрлық тур және ауқымды көрмелер

Жаңартылған Қастеев музейі: арт-зертхана, цифрлық тур және ауқымды көрмелер

81

21 Тамыз 2026

«Самұрық-Қазына» қолдауымен музейде жаңа Арт-зертхана ашылды.

Мұнда балалар мен ересектер кескіндеме, графика және сәндік-қолданбалы өнермен айналысып, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік сағаттарға қатыса алады.

Аумағы 110 шаршы метрден асатын кеңістік ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге де арналған.

Зертхананың ашылуына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, «Смитсон» институтының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Image (1).jpeg

«Арт-зертхана жас таланттардың басын қосатын орынға айналып, олардың дамуы мен шығармашылығына жаңа серпін береді деп сенемін», – деді Нұрлан Жақыпов.

Тағы бір жаңалық – музейдің жаңартылған цифрлық порталы. Енді оның топтамалары мен көрмелерін онлайн режимде көруге болады. Ал 3D-турдың көмегімен әлемнің кез келген нүктесінен музей залдарын виртуалды аралауға болады.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» және Samruk-Kazyna Trust қолдауымен музейде ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Оның аясында ғимараттың шатыры мен едендері, инженерлік желілер және музей залдары жаңартылды.

Қазан айында музей Мемлекеттік Третьяков галереясының көрмесін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Осылайша, қазақстандық көрермен әлемдегі ең ірі көркемөнер топтамаларының туындыларын тамашалай алады. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Росатом» корпорациясының қолдауымен жүзеге асырылды.

Image.jpeg