«Самұрық-Қазына» ШҚО-дағы Ана мен бала орталығын нейрохирургиялық роботпен жабдықтайды
38
31 Тамыз 2026
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов өңірдегі әйелдер мен балаларға мамандандырылған көмек көрсететін заманауи медициналық мекеме – Ана мен бала орталығына барды.
Сапар барысында Нұрлан Жақыпов орталыққа заманауи медициналық жабдықты – навигация жүйесі мен жасанды интеллект технологиясы бар Remebot RM-200 роботтандырылған нейрохирургиялық жүйесін жеткізуге сертификат табыстады. Жоба құны 433,5 млн теңге.
Аталған жабдық орталыққа алғаш рет сатып алынбақ және жоғары дәлдіктегі стереотактикалық нейрохирургиялық операциялар жүргізуге арналған. Жүйе дәрігерлерге отаны жоспарлауға, навигация жүргізуге және ота жасау орнын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл ретте робот хирургті алмастырмайды, керісінше отаның дәлдігі мен қауіпсіздігін арттыратын технологиялық құрал ретінде қызмет етеді. Кешеннің техникалық қуаты жылына 500–750 отаға дейін жетеді. Алғашқы кезеңде жыл сайын шамамен 200 ота жүргізу жоспарланып отыр, кейін бұл көрсеткішті 450-ге дейін арттыру көзделген.
«Самұрық-Қазына» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті адамдардың өмір сүру сапасына бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастырады. 2023 жылдан бері Қор жалпы сомасы 880 млрд теңгеден асатын 100-ден астам әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асырды. Бұл жұмыстың елеулі бөлігі денсаулық сақтау саласымен байланысты: өңірлерде ауруханалар мен медициналық орталықтар салынып, заманауи жабдықтар сатып алынады. Балаларды оңалтуды дамытуға да ерекше көңіл бөлінеді: бүгінде ел бойынша 55 оңалту орталығы ашылып, 21 мыңнан астам балаға көмек көрсетілді. Қордың қолдауының арқасында өңірлерде жоғары технологиялық медициналық көмек қолжетімді бола түсті. ШҚО-дағы бүгінгі жоба - соның бір мысалы», – деді Нұрлан Жақыпов.
{{ $t('messages.news1') }}
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «Самұрық-Қазына» басшысы...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Өскемен-1 жаңартылған вокзалының ашылуына қатысты
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ және Huawei цифрландыру және жасанды интеллект сал...
{{ $t('messages.news1') }}
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қорының Директорлар кеңесінің отырысын...