«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ақтөбеге жұмыс сапары аясында жаңартылған теміржол вокзалына барды
335
01 Қыркүйек 2026
Вокзалды жаңғырту жұмыстары бір апта бұрын аяқталған. Ғимарат пен инженерлік жүйелер жаңартылып, жолаушылар үшін әлдеқайда қолайлы жағдай жасалды. Вокзалдың қауіпсіздігіне және барлық азаматтар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін қолжетімді болуына ерекше назар аударылды.
Ақтөбе облысының басқа аудандарында да вокзал инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Шалқар және Шұбарқұдық вокзалдары жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Тағы төрт нысанда (Алға, Жем, Қандыағаш және Қарауылкелдіде) жұмыстар жалғасып жатыр. «ҚТЖ» АҚ аталған нысандарды белгіленген мерзімде аяқтап, вокзалдарды қыркүйек айының басында ашуы тиіс.
«Жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтаумен қатар, олардың сапасы жоғары болуын және барлық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету маңызды. Міндет – жолаушылар үшін заманауи, қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау», – деді Нұрлан Жақыпов.
Нысандардағы жұмыстардың аяқталуы қордың тұрақты бақылауында.
Сапар аясында «Самұрық-Қазына» басшысы «Қазақстан темір жолы» ұйымында дуалды оқудан өткен және теміржол саласындағы кәсіби жолын бастаған студенттерге еңбек кітапшаларын табыстады.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...