Нұрлан Жақыпов KEGOC Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Нұрлан Жақыпов KEGOC Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

86

03 Қыркүйек 2026

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

2026 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша KEGOC кірісі 298,3 млрд теңгені құрап, жоспарлы көрсеткіштен 4,5%-ға асты. Таза пайда 65,3 млрд теңгеге жетіп, жоспарлы көрсеткіштен 12%-ға жоғары болды. Негізгі қызметтердің көлемі де жоспарлы көрсеткіштерден асты.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы

Компания Ұлттық электр желісін дамыту бойынша негізгі жобаларды орындауды жалғастырып жатыр. Олардың қатарында Оңтүстік аймақтың электр желісін күшейту және Батыс Қазақстанның энергия жүйесін елдің Бірыңғай электр энергетикасы жүйесімен біріктіру жобалары бар. Екі жобаны да 2027 жылы аяқтау жоспарланған.

Компания алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындалып жатыр. Жөндеу науқаны 589 нысанды қамтиды, жұмыстардың жалпы сомасы 4,1 млрд теңге. Оның ішінде 100 электр беру желісі, қосалқы станциялардың 38 жабдығы, 107 ғимарат пен құрылыс, сондай-ақ 337 автокөлік бар. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы

Цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. KEGOC-та қазірдің өзінде 15 AI-агент іске қосылды, ал CORE GRID AI платформасында тұтынуды, генерацияны және жаңартылатын энергия көздерінің өндірісін автоматты түрде болжау модульдері іске қосылды. Алдағы уақытта жөндеу жұмыстарын басқару, электр энергиясы нарығы мен шығындарды талдау бойынша ЖИ шешімдерін енгізу, сондай-ақ ЖИ-рационализаторды және басқа да шешімдерді іске қосу жоспарланып отыр.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы