Нұрлан Жақыпов Sunwah Group корпорациясының төрағасымен кездесті

Нұрлан Жақыпов Sunwah Group корпорациясының төрағасымен кездесті

54

23 Қыркүйек 2026

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитеті мүшесі, Гонконг Қытай сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэнмен кездесті.

ждбдби.jpg

Тараптар инфрақұрылым, цифрлық технологиялар және басқа да бағыттардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесуде Sunwah Group компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейту және «Самұрық-Қазына» тобының компанияларымен бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

льдлти.jpg

Sunwah Group – 1957 жылы құрылған халықаралық әртараптандырылған корпорация, штаб-пәтері Гонконгте орналасқан. Топ құрамына бес жария компания кіреді және инвестициялар, жылжымайтын мүлік, қаржылық қызметтер, технологиялар, инфрақұрылым, тамақ өнеркәсібі, білім беру, медиа, экологиялық технологиялар және денсаулық сақтау сияқты түрлі салаларда жұмыс істейді.