Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

63

30 Қазан 2026

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «ҚазМұнайГаз» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.59.18 (1).jpeg

Отырыс барысында компанияның негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері және басты инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы қаралды.

Мұнай-газ саласындағы стратегиялық жобаларды іске асыруға, өңдеу қуаттарын дамытуға, өндірістік инфрақұрылымды жаңғыртуға және операциялық тиімділікті арттыруға ерекше назар аударылды.

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.59.19.jpeg

Сондай-ақ, компанияның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған өндірістік процестерді цифрландыру, заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды.

WhatsApp Image 2026-10-30 at 17.59.20.jpeg