«Samruk-Kazyna Business Academy» ЖМ-мен бірге Vision Zero 7 ережесіне негізделген және Қор тобы қызметкерлерінің әрбір жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және қолдау мәселелеріндегі құзыреттілік деңгейін арттыруға бағытталған «Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті» бірыңғай корпоративтік оқу курсын әзірледік. Осы курс бойынша оқыту Ұлыбритания қауіпсіздік техникасы және денсаулықты қорғау институтының (IOSH) мақұлдауын алғаннан кейін 2023 жылғы қаңтардан бастап іске асырылады. Өндірістік персоналдан басқа, биылдан бастап оқыту периметріне біздің өндірістік объектілерде ұзақ мерзімді жұмыстарды жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың қызметкерлері кірді.
Портфельдік компаниялардың қызметкерлері жеке үлгі негізінде білім деңгейін, қауіпсіздік және көшбасшылық пен тартымдылық мәселелеріне жауапкершілікті арттыру мақсатында «NEBOSH», «IOSH» және «қауіпсіз жүргізу» (defensive driving) курстары бойынша оқытудан өтеді
1. Heartsaver (жүрек-өкпе реанимациясы кезінде алғашқы көмек)
2. Prehospital Trauma Life Support (жарақат алған кезде өмірді қолдаудың ауруханаға дейінгі жүйесі)
3. American Heart Association (Американдық кардиологиялық қауымдастық әдісі бойынша автоматты сыртқы дефибрилляторды пайдалану)
Өндірістік қауіпсіздіктің түрлі бағыттары бойынша «Алғашқы медициналық көмек көрсету», «Офистегі қауіпсіздік», «Қауіпсіз жүргізу», «Өрт қауіпсіздігі», «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы көшбасшылық», «Оқытудағы виртуалды шындық» және т.б. өзекті тақырыптар бойынша мастер-кластары өткізіледі
Корпоративтік орталықтардың, филиалдар мен еншілес тәуелді ұйымдардың бірінші басшылары, пайдалану қызметіне жетекшілік ететін басшылары және өндірістік қауіпсіздік қызметтері үшін еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру жөніндегі стратегиялық сессияларға қатысты
Жыл сайын басшыларға арналған көшбасшылықты, адалдықты және тәжірибе алмасуды арттыруға бағытталған форумдар, семинарлар, мастер-кластары сияқты өндірістік қауіпсіздік бойынша мамандандырылған іс-шараларды өткіземіз
2022 жылдан бастап Қор форум өткізеді, оның шеңберінде бірінші орын үшін марапаттауды қамтитын өндірістік қауіпсіздік саласындағы үздік көрсеткіштері үшін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының жыл сайынғы номинациясын беру тәжірибесі енгізілді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бірінші орынға «Қазақтелеком» АҚ, ал 2023 жылы – «KEGOC» АҚ номинант болып анықталды
Қауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі күш-жігерімізді үнемі қадағалап, бағалаймыз. Тұрақты негізде басқарудың әртүрлі деңгейіндегі жұмыс орындарының жай-күйіне аудит жүргізіледі
Көшбасшылық пен қауіпсіздік мәселелеріне бейілділікті көрсету, сондай-ақ өндірістік алаңдардың жай-күйін объективті бағалауды қалыптастыру мақсатында СЕО-1 портфельдік компаниялар деңгейінің басшылары екі айда кемінде бір рет кәсіпорындарға барып тексеруді жүзеге асырады