HR-мәдениеттің трансформациясы халықаралық конференцияда талқыланды

HR-мәдениеттің трансформациясы халықаралық конференцияда талқыланды

696

14 Сәуір 2016

2016 жылдың 14-15 сәуірінде Астанада HR-шеберлері әлеміндегі басты оқиға – Адам ресурстарын басқару жөніндегі XI халықаралық конференция өтті. «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Қазына» Корпоративтік Университетінің қолдауымен аталмыш конференция еңбек нарығындағы өзекті трендтерді талқылауға және кадр саясатын дамытудың тиімді жолдарын қарастыруға арналған дәстүрлі диалог алаңына айналды.

Конференцияға 200-ден астам адам қатысты, олардың қатарында ірі ұлттық компаниялардың жетекшілері, жеке корпорациялардың HR-бөлімшелерінің мамандары, халықаралық сарапшылар болды.

Тұңғыш рет қазақстандық HR мамандары алдында әлемге танымал кеңесші, тәлімгер және ынталандырушы  Фонс Тромпенаарс баяндама жасады. Ол - мәдениет пен өзгерістер мәселелері бойынша дүние жүзіндегі жетекші сарапшылардың бірі және көптеген кітаптардың авторы. Фонс кітаптары конференция қатысушыларына таратылмақ.

Сессияның негізгі тақырыптары – корпоративтік мәдениетті өзгерту, кадрлық қызметті тиімді ұйымдастырудың озық тәжірибелерін енгізу, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында Трансформация бағдарламасының аясында жаңа HR үлгісін енгізу.

Атап өткен жөн, Қордың HR үлгісін қайта құрылымдау – холдингтің стратегиялық мақсаттарына сәйкес ұйымдастырушылық мәдениетті өзгерістерге қатысы бар, басымдыққа ие бастамалардың бірі. Қор компаниялар тобының адам ресурстарын басқару саласында топ-менеджерлердің көшбасшылық әлеуетін дамыту,  белсенді оқыту мен өзіндік өсімнің мәдениетін, тәлімгерлікті жетілдіру сынды бастамалар қарастырылған. Негізгі HR бағыттары бойынша (рекрутмент, өтемақылар мен жеңілдіктер, тиімділікті басқару, ұжымды дамыту, дарындарды басқару, корпоративтік мәдениет) Сараптама орталығын және Біріккен холдингтің қызмет көрсету орталығын құру жоспарлануда.

2015 жылы Қор компанияларында лауазымдардың грейдтер негізінде бағалау жүйесі енгізілді. 13 корпоративтік орталықтың лауазымдары бағаланды, соның ішінде топ-менеджерлердің 84 лауазымына және 1500-ден астам орта буын басшылары мен мамандардың лауазымдарына баға берілген. Грейд жобасы еңбекті әділетті бағалау жүйесін қалыптастырудың негізін қалайды. Демек, сыйақы объективті өлшемдерге сәйкес - қызметкердің біліктілігіне, шеберлігіне, шешетін мәселелердің күрделігіне және жауапкершілік деңгейіне орай тағайындалады.

Конференция барысында сонымен қатар келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: бизнес-зертханалардағы жұмыс; арнайы қонақ – Ресейдегі, Қазақстандағы, Украинадағы және Балтық елдеріндегі «Hay Group» компаниясының бас директоры Сильвия Де Вож беретін мастер-класс; айрықша қонақтардың қатысуымен ток-шоу; танымал ресейлік және қазақстандық кәсіпкер, «Arman Holding» халықаралық холдингінің негізін қалаушы Серікбай Бисекеевтің кітабының тұсаукесері және қолтаңба сессиясы, «Rally. Өзгереміз» байқауы.