4 сәуірде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниясында бизнесті трансформациялау Бағдарламасын талқылауға арналған кеңейтілген отырыс өткізілді.
Кеңейтілген отырысқа «Самұрық-қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ» Басқармасының төрағасы Ө. Шөкеев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті А. Мамин, мемлекеттік органдар мен компанияның орталық аппараты менеджменті, еншілес компаниялар, аймақтық тасымалдау дирекциялары, магистральдық желі дирекциялары, желілік кәсіпорындар мен станция жетекшілері қатысты.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, әлемдік нарықтағы және технологиялық түбегейлі өзгерістер соған сай болып, ішкі резервтерді тауып, бәсекелестікте қолайлы, оңтайлы жолдарды қарастыруды атап өтті.
«Әлемдік жетекші компаниялардағы өмірлік ішкі айналымы азайды. Нарықта өте қатал бәсекелестік қалыптасты. Темір жол саласында да солай болып отыр»,-деп атап өтті Ө. Шөкеев.
Ол сондай-ақ, Қордың Бизнесті трансформациялау туралы бастамашылығы дер кезінде басталып, ҚТЖ-ның өте ауқымды жұмыстар атқарғандығын атап өтті. Трансформация үдерісі -бұл теория емес, бұл жұмысты практикалық істермен дәйектей түсу болып табылады»,-деп атап өтті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшысы.
Компания жаңа операциялық моделге көшудің тиісті әзірлік құжаттарын дайындады. 2015 және 2016 жылдары Компания стратегиясы жасақталды. Пайдалы әсер коэффиценті (ПӘК) стратегиясы бекітілді. ПӘК бұтағының жай жапсары мен ИТ жаңа архитектурасы жасалды.
«Жүк тасымалы құрылымы өзгереді. Транзиттік тасымалдағы баламалы бағдарлардағы бәсекелестіктің жоғарылығы тапсырыс берушілердің сұранысын қанағаттандыру үшін нарықтағы үдерістерді және технологияларды жаңғыртып, түбегейлі құрылымдық өзгерістерді қажет етеді. Соған байланысты, «ҚТЖ» ҰК» АҚ трансформациялық құрылымдаудың уақыты келіп отыр,- деді А. Мамин.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин темір жол саласын мемлекеттік жоспарға байланысты институциональдық түрлендіру мен заңдылық талаптарына сәйкестендіріп, қайта құрылымдау барысын атап өтті. Қор бекіткен 2016 жылғы Жол картасына сәйкес, компания өзінің негізгі қызметіндегі өзгерістерді енгізуге кірісті.
«Бүгінгі таңда, жаңа операциялық моделге өту үшін тиісті дайындық құжаттары әзірленді. Трансформациялау аясындағы практикалық іске кірісудің ұйымдастыру шараларын бастау қажет»,-деп атап өтті А. Мамин.
Оның айтуынша, ғаламдық экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен даму үдерісі компания бизнесіндегі өсім көздерін айқындауға ықпал етті. Компания мультимодальдық және транзиттік тасымалдағы сегментін иемденіп, сонымен қатар көпшілік тасымалдау жұмысындағы сапалық көрсеткіш тиімділігін көтеруде.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысының ойынша, компанияның трансқұрлықтық транзиттік тасымалдау нарығында өз стратегиясын дер кезінде айқындауы өткен бес жылда Қытай-Еуропа- Қытай бағдарындағы контейнерлік тасымалдау көлемін өсіруге мүмкіндік әперді.
2016 жылы осы бағдардағы контейнерлік тасымал көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 100 есеге артқан. 2020 жылдарға дейін бұл көрсеткішті 800 мың ЖФЭ –ге жеткізу көзделіп отыр. Мақсатты жоспарларға жету құрғақтағы және теңіздегі баламалы бәсекелестікті бағдарларды игеруге ұмтылдырады.
А. Маминнің айтуынша, соңғы 8 жылда компанияда активтерді ауқымды жаңғырту жұмыстары атқарылды. Соның нәтижесінде, активтердің тозығы жетуін барынша төмендетуге ықпал етеді. Осы жылдар аралығында 1000 локомотив, 37,2 мың жүк вагоны, 1309 жолаушы вагоны жаңғыртылып, 4,347 шақырым жол жаңғыртылып және күрделі жөндеуден өткізілді. 1707шақырым жаңа темір жол салынды. 8628 шақырым оптикалық талшықты байланыс желісі салынды. Ескі құрал жабдықтардың орнына, қазіргі заманғы тиімділігі жоғары құралдар жеткізілді.
«Компанияның бизнес көзін жаңа жағдайға бейімдеу мультимодальдық және транзиттік тасымалдау арқылы, контейнерлік транзит үлесі 2020 жылға қарай 1,7 млн. TEU жететін болады», - деп атап өтті А. Мамин.
Ол сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін жаңа моделге дайындау үдерісінде темір жол мен көліктік-логистикалық компанияларды трансформациялаудың әлемдік тәжірибелері қарастырылғандығын атап өтті.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев компанияны қайта құру шаралары жоспары мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобындағы кәсіпорындарды жекешелендіру барысына тоқталды.
Қ. Алпысбаевтың сөзіне қарағанда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «жаңа операциялық модель» темір жол көлігін реформалаудың негізгі бағыттарына сәйкес келеді. Реформалаудың негізгі қадамы тасымалдау үдерісінің ара жігін ашуды ұйымдастыру, нарыққа бейімделген жүк және мультимодальдық тасымалдау сервистік қызметі сапасын көтеру және ғаламдық нарықтағы бәсекелестікке сай болуды қамтамасыз етеді.
Мұндай модель темір жол көлігіндегі қызмет көрсетуде Еуроодақ елдері, Австралия, Латын Америкасы қолданып келеді.
Қ. Алпысбаевтың хабарлауынша, қазіргі кезде «ҚТЖ» ҰК» АҚ реформалау аясында профильдік емес қызмет түрлерін құрамынан шығаруда. Вагон операторлары нарығы жасақталды. Инфрақұрылымдар арқылы тасымалдау жұмыстарын жүргізудің институциональдық мәселесі түзілді. Жолаушылар тасымалы мемлекеттік субсидиялаудың ішінара механизмі енгізілді.
Ол мақсатты құрылымдаудың негізгі жасақтау механизмдеріне тоқталды. Оның ішінде жүк тасымалдау, инфрақұрылым операторлығы, жаңа құрылымның негізгі міндетінің өзгеруін атап өтті.
Мәселен, 2016 жылы «Локомотив» АҚ базасында Жүк тасымалдаушы құрылса, 2017 жылы –Инфрақұрылым операторы жасақталады. ҚТЖ құрылымының мақсаты жекешелендіруден кейін компанияның логистикалық актив портфелінің дамуына қарай, оған 35 компания қосылады.
Қ. Алпысбаевтің айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін ұйымдастырудағы өзгерістерді енгізу, компания тобындағы кәсіпорындарды басқару құрылымын оңтайландырады. Бірінің қызметін бірі қайталауын болдырмайды. Құрылымдағы сұраныс иелерінің тапсырысын барынша қолжетімді әрі жедел атқаруға ықпал етеді.
Кеңейтілген отырыс барысында PWC консалтингілік компаниясының өкілі Рауль Гупта және «Самұрық- Қазына» АҚ Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюс сөз сөйледі.
Аймақтағы тасымалдау құрылымдарының, магистральдық желілердің, желілік кәсіпорындар мен станциялардың жетекшілері тақырыпты талқылау барысында жаңа құрылымдық өзгерістерді қолдауға, жүзеге асыруға, өндіріске енгізуге дайын екендіктерін жеткізді.