«Самұрық-Қазына» қоры және «KAZAKH INVEST» инвесторларды бірлесіп тартуды көздейді
480
28 Сәуір 2017
«Самұрық-Қазына» АҚ (әрі қарай – Қор) және «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ (әрі қарай - «Kazakh Invest») бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан Қордың жекешелендіру бағдарламасына арналған Инвестор күні барысында Қазақстан Республикасына инвестицияларды тарту жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру туралы екі жақты келісімге қол қойды.
«Самұрық-Қазына» АҚ және «Kazakh Invest» жекешелендіру бағдарламасы мен Қордың қоржындық компанияларының инфрақұрылымдық жобаларын сату аясында инвесторлармен, соның ішінде жетекші трансұлттық компаниялармен белсене жұмыс істейді.
- Ұйымдарымыздың мамандары әзірлеген Жол картасы елімізге инвесторларды тартуға бағытталған. Бұл мемлекет басшылығы берген тиісті тапсырмаларды орындау үшін қолға алынған іс-шаралардың бірі. Жол картасы инвесторларды іздестіру және тарту, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ қоржындық компанияларының активтерін неғұрлым тартымды ету жолында бірлескен жүйелі әрі белсенді жұмыс жүргізуді қарастырады, - деп атап өтті Қордың актвитерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Берік Бейсенғалиев құжатқа қол қою рәсімінде.
- Өз тарапымыздан «Самұрық-Қазына» қорына және оның қоржындық компанияларына инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, жекешелендіру бағдарламасын насихаттау мақсатында шетелдік өкілдеріміз арқылы стратегиялық серіктестерді іздестіруге, трансұлттық корпорациялармен келіссөз жүргізуге қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашев.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...