Әлемнің ірі тәуелсіз қорлары кезекті отырыс барысында нарықтардың жаңа мүмкіндіктерін талқылайды
576
05 Шілде 2017
Құбылмалы қаржылық-саяси әлемдегі нарықтардың жаңа мүмкіндіктері Халықаралық тәуелсіз әл-ауқат қорлары форумының (IFSWF) биылғы отырысының басты тақырыбы болып табылады. IFSWF ұйымына 3 трлн АҚШ доллары көлеміндегі активтерді басқаратын 31 елдің тәуелсіз қорлары енеді.
Іс-шараны IFSWF мүшелері «Самұрық-Қазына» АҚ «Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық инвестициялық корпорациясы» қолдауымен ұйымдастырды. Жыл сайынғы форум Астанада қыркүйектің 5 мен 7 аралығында өтеді.
Кездесуде халықаралық сарапшылар баяндама жасайды, олардың қатарында Goldman Sachs банкінің активтерді басқарудың халықаралық басқармасының бас директоры Шейла Патель бар. Ашық панельдік мәжілістердің барысында қатысушылар даму қорларының рөлін, жекешелендірудің тәуекелдері мен артықшылықтарын, сондай-ақ Қытайдың «Бір белдеу — бір жол» бастамасын талқылауды көздейді. Форумға тәуелсіз қорлардың, халықаралық қаржылық даму институттарының және инвестициялық қауымдастықтың 250-ге жуық өкілі қатысады деп күтілуде.Іс-шараның басты спикерлері: IFSWF төрағасы және Жаңа Зеландияның Зейнетақы қорының бас директоры Адриан Орр, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтер қоржынын басқару жөніндегі басқарушы директоры Балжит Каур Грюал, Қытай инвестициялық корпорациясының аға кеңесшісі Ли Кепинг.
IFSWF төрағасы және Жаңа Зеландияның Зейнетақы қорының бас директоры Адриан Орр атап өткеніндей:
— Қаржы дағдарысынан кейін әлемдік инвесторлар үшін төмен табыстылық өзекті мәселеге айналды. Бұның барлығы дамыған нарықтардағы соңғы 18 айдан бері байқалған саяси тұрақсыздықпен бірге инвесторларды өз салымдарын ақтау үшін жаңа нарықтарды іздестіруге мәжбүрледі. Алайда, бұл нарықтар мен активтер жоғары табыстылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, инвесторларды тәуекелдерге әкеп соғуы да ықтимал. Сондықтан болашақта инвестициялық шешімдерді қабылдау туралы ақпараттандыруды жақсарту үшін бізге осы мәселелерді шешу жолында бірлесіп жұмыс істеу маңызды. IFSWF кезекті отырысы осы мәселелерді талқылаудың тамаша алаңы болып табылады, және біз тәуелсіз әл-ауқат қорларының қауымдастығымен тәжірибе бөлісуге дайынбыз».
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев келесіні атап көрсетті:
— Біз үшін мұндай мәртебесі биік іс-шараны Қазақстанда өткізу үлкен абырой. Халықаралық форум жетекші тәуелсіз қорларды біріктіріп, IFSWF негізін құрайтын ынтымақтастықты нығайту және білім алмасудың тиімді алаңы болып табылады. Қыркүйек айында IFSWF мүшелері мен тәуелсіз әл-ауқат қорларының қауымдастығын қарсы алып, елеулі мәселелердің көтерілуін асыға күтеміз.
Ұйым мүшелерінің жабық отырысында тәуекелдерді басқару, активтерді үйлестіру стратегиясы, экологиялық, әлеуметтік, басқарушылық инвестициялар және инвестициялық үрдіске технологиялардың ықпал етуі сынды мәселелер талқыға салынады. Форум аясында сонымен қатар ашық баспасөз мәслихатын өткізу жоспарлануда.{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...