«Біріккен химиялық компания» ЖШС және химиялық өнеркәсіптегі жетекші әлемдік компания BASF меморандумға қол қойды
549
22 Тамыз 2017
2017 жылдың 21 тамызында Астана қ. «Самрұқ-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шукеев және «Біріккен химиялық компания» ЖШС (ары қарай -БХК) басқарма төрағасы Жеңіс Өсербай химиялық өнеркәсіптегі жетекші әлемдік компания BASF (Германия) делагациясымен кездесті, оны Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Түркия, Ресей және ТМД аумағының президенті Маркус Крамер басқарды.
Кездесу аясында БХК және BASF Central Asia LLP (ары қарай - BASF) арасында Ынтымақтастық және серіктестік туралы меморандумға қол қойылды, ол мынаны қарастырады:
- «Зертханалық-талдау кешенді ұйымдастыру» негізінде астық сапасы зертханалық қорытындыларына сәйкес ұсыныстарды әзірлеуде ынтымақтастық;
- жергілікті нарықтарды BASF және БХК бірлескен өнімдері туралы хабардарлығын жоғарлату бойынша шараларды ұйымдастыру;
- ынтымақтастықтың жүзеге асырылатын бағыттары бойынша химиялық өнеркәсіп өнімдерін сату нарықтарын бірлесе дамыту.
Тараптар БХК мен BASF арасындағы ынтымақтастық Қазақстандағы химиялық өнеркәсіптің дамуына қосымша импульс беріп және халықаралық қағидаттарды және отандық агрохимияның өндірісі стандарттарын енгізу кезінде технологиялық алшақтарды қысқарту үшін негіз болады деп атап өтті.
Анықтамалық түрде:
«Біріккен химиялық компания» ЖШС Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау аясында «Сармұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар Кеңесінің 2008 жылдың 28 қарашасындағы шешімімен 2009 жылы құрылды. Бүгін «БХК» ЖШС – бұл инвестицияларды тарту және шағын мен орта бизнесті қолдау арқылы еліміздің мұнай-химиялық және химиялық секторын диверсификациялауын, жетілдіруін, тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның мұнай-химиялық саласын дамуындағы оператор.
BASF компаниясы химиялық өнеркәсіп саласындағы жетекші әлемдік компания болып табылады. BASF портфелі бизнес бағыттардың кең спектріне шоғырланған: химиялық материалдарды, пластиктерді, құрылыс материалдарын, ауыл шаруашылығы өнімдерін, молекулярлық химия өнімдерін өндіру, шикі мұнайды және табиғи газды қайта өндіру. BASF жаңа технологияларды өндіреді және оларды қосымша нарықтық мүмкіндіктерді ашу үшін пайдаланады.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...