«Самұрық-Қазына» АҚ тәуелсіз директоры өмірден озды
487
28 Қараша 2017
2017 жылғы 26 қарашада 68 жасқа қараған шағында «Самұрық-Қазына» қорының тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі Барон Оливье Дэкамп дүниеден өтті. Оның жаһандық корпоративтік қаржы және дамушы нарықтар саласындағы жоғары буындағы басшы ретінде 40 жылдық тәжірибесі бар еді. Оливье Дэкамп еңбек жолын банк саласында Бразилияның Chase Manhattan Bank-інен бастап, кейін оны АҚШ-та және Ұлыбританияда жалғастырды. Ол 1993 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкiнің жаңадан бекітілген командасына кірді және 2015 жылға дейін 34 мемлекеттегі операцияларға жауап беріп, банк стратегиясы және саясаты жөніндегі комитеттің мүшесі болды.
Барон Оливье Дэкамп ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1113 қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлары кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде тағайындалды. Ол Аудит жөніндегі комитеттің және Тағайындаулар және сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі болды.
Оны мейірімділік, барлық қызметкерлерге құрметпен қарау, кішіпейілдік қасиеттері ерекшеледі. Дегенмен, Оливье Дэкамп Қордың стратегиялық мақсаттарына қатысты мәселелерде асқан жауапкершіліктің, табандылық пен қажырлықтың үлгісін көрсетті.
«Самұрық-Қазына» қорының ұжымы Барон Оливье Дэкамптың туған-туыстарына көңіл білдіреді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...