Назарбаев француз бизнесмендерін жекешелендіруге қатысуға шақырды
515
05 Қараша 2015
Елбасы іссапармен Франция мемлекетінде жүр.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияның ірі бизнесмендерін еліміздегі мемлекеттік компанияларды жекешелендірудің ауқымды үдерісіне қатысуға ұсыныс жасады, деп хабарлады LS Ақордаға сілтеме жасай отырып.
Францияның жетекші компанияларының басшыларымен өткізген кездесу барысында Назарбаев оларды ірі кәсіпорындардың жекешелендірілуімен жоспарланған Қазақстанды индустриализациялауға белсенді атсалысуға, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығын құруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
«Қазақстан нарығында 130 француз компаниясы түрлі салаларда жұмыс істейді. Мысалға, Францияның 24 компаниясы Қазақстанда қазірдің өзінде 2 млрд доллардан асатын жобаларды жүзеге асырды, 14 жоба жүзеге асырылу кезеңінде, тағы 10-ы - келешектің еншісінде. Бір ғана менің сапарым барысында жалпы құны 5 млрд доллардан асатын келісімшарттарға қол қойылатын болады», - дей отырып Елбасы тиімді әріптестіктің бірнеше жарқын мысалдарын келтірді.
Оның айтуынша, мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 6 млрд доллар деңгейінде сақталып отыр. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстандағы француз инвестицияларының құны 12 млрд долларға жеткен. Сонымен қатар, Елбасы «Альстом» электровоздарының, «Еврокоптер» тікұшақтарының, «Пежо» және «Ситроен» автокөліктерінің, күн батареяларының, цемент пен «Данон» сүт өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірісі сынды барыншы табысты жобаларды тілге тиек етті. «Эйрбас Дефенс энд Спейс» компаниясымен бірлесіп Жерді қашықтан зондтайтын екі жерсерік ұшырдық және ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені ғимаратының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деп қосты Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы бірлескен инвестициялық жобалардың ішінде Airbus компаниясымен жасалып отырған жұмыстарды ерекше атап өтті.
«Еліміз титаннан жоғары технологиялы өнім жасайтын зауыт ашты, бұл өнім Airbus ұшақтарын құрастыру үшін пайдаланылады. Қазақстанның «Эйр Астана» компаниясы француз авиация өнеркәсібінің ұшақтарын пайдалану арқылы осы циклды аяқтайды», - деді Қазақстан Президенті.
Н.Ә.Назарбаев екі елдің арасында Францияға уран жеткізу, автокөлік өнеркәсібі, сумен қамтамасыз ету, қалдықтарды кәдіге жарату сияқты өзге де маңызды бағытттарға қатысты келісімшарттарға қол қойылатындығын айтты.
Кездесуге Airbus, Alstom Transport, Vicat, Soufflet, Rothschild Group, Veolia Asia, Areva және т.б. компаниялардың басшылары қатысты.
{{ $t('messages.news1') }}
Жасанды интеллект көмегімен мұнайды қалай өндіреді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның негізгі инвестициялық үйлестірушісі
{{ $t('messages.news1') }}
«Қаражанбасмұнай» жер қойнауын қауіпсіз әрі экологиялық барлау жобасын...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚР Премьер-Министрі төрағалық еткен директорлар кеңесінде Самұрық-Қазы...