ҚТЖ жекешелендіру бағдарламасы аясында 14 нысанды жүзеге асырды

ҚТЖ жекешелендіру бағдарламасы аясында 14 нысанды жүзеге асырды

723

05 Сәуір 2015

Қордың ең ірі еншілес компаниясы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ - жалпы саны 35 нысанды саудаға шығарады, деп хабарлайды BNews.kz. 

«Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-нің баспасөз қызметінде хабарланғандай, 2014 жылы активтерді жүзеге асыру басталғаннан бері ұлттық тасымалдаушы 14 еншілес және тәуелді ұйымдармен жалпы құны 23 миллиард 265 миллион теңгеден астам сомаға сатып алу-сату келісімшартын жасасқан болатын. Аталған нысандардың бағалау құны 18 миллиард 144 миллионнан аса теңгені құрады. 

«1-ші сәуір «Көліктік сервис орталығы» АҚ-ның 100% акцияларын жүзеге асыру туралы келісімшартқа қол қойылды. Көліктік сервис орталығы қызметтердің кең ауқымын ұсынады. Атап айтсақ, олардың ішінде тиеу-түсіру, маневрлік жұмыстар, қозғалмалы құрамның жүріп өтуі үшін кірме жолдарды ұсыну; локомотивтің тиеу-түсіру аймағына вагондарды әкелу-әкетуді іске асыру; мамандандырылған құралдармен вагондарды сүйреп кіргізу мен сүйреп шығару; тиеу, түсіру, механикаландырудың мамандандырылған құралдарын, мамандандырылған қойма жайларын, вагон таразыларының қызметін ұсынуды жүзеге асырады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Келісімшарт жасасудың міндетті шарттары ретінде бір жыл бойы кәсіпорынның қызмет бейіні мен қызметкерлер штатын сақтау, сондай-ақ қызметкерлермен ҚТЖ ұжымдық келісімшартына отыру болып көрсетілді. Бұл шаралар Көліктік сервис орталығы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталған.

«Саудаға қатысу үшін үш өтініш беріліп, нәтижесінде Көліктік сервис орталығы 1 миллиард 785 миллион 900 мың теңгеге жүзеге асырылды. Ал оның бастапқы құны 1 миллиард 86 миллион теңге болатын», - деп түсіндірді баспасөз қызметінде.   

Дереккөз: bnews.kz