«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу жүйесін жетілдіруде
474
28 Ақпан 2018
2018 жылғы ақпанның 28-і күні ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының «Сатып алу жүйесін жетілдіру және реформалау» тақырыбы бойынша брифинг өтті.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатып салу жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізуде.
Атап айтқанда, Қордың қоржындық компаниялары арасында (өзара сатып алуды жүзеге асыру мүмкін болған жағдайда) сатып алуды қажет ететін тауар тізімі 10 есеге қысқарды. Яғни, қоржын компаниялары үшін 4,5 мыңды қамтыған тізім 424-ке дейін азайды. Осылайша, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құны 300 млрд теңгені құрайтын 4 мың позиция бойынша тауарларға тапсырыс алатын болады.
Қор қоржын компаниялары үшін, қысқартылған 424 позиция бойынша, сатып алу кезінде бағасы 120 млн теңгеден асатын тауарлардың нарықтағы орташа құнын алдын ала анықтау механизімін міндеттемек. Бұл - Қордың қоржын компаниялары құны асыра шарықтаған тауар түрлерін сатып алмауы мақсатында жасалған қадам.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айында «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ электрондық сатып алуларды жүзеге асыратын жаңа порталды іске қосады. Жаңа платформа Тапсырыс берушілер мен Жеткізушілерге сатып алу рәсімдерін жүзеге асыру барысында қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ, электрондық алаңды сүйемелдеу шығындарын қысқартып, сатып алудың ашықтығын Blockchain технологиясы арқылы қамтамасыз етеді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...