Қазатомөнеркәсіп құнды қағаздарын Лондон Қор Биржасында сәтті орналастырды

Қазатомөнеркәсіп құнды қағаздарын Лондон Қор Биржасында сәтті орналастырды

526

13 Қараша 2018

Қазатомөнеркәсіп өз акцияларын халықаралық қор биржасында сәтті орналастырған алғашқы ұлттық компанияға айналды. Ұлттық компания құны 451 млн АҚШ долларын құрайтын өзінің 15% акциясын Лондон қор биржасында орналастырды. Сұраныс ұсыныстан 1,7 есе асып түсті.

Орналастырылған акциялардың/ҒДҚ көлемі – 38 903 491 дана немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК акцияларының 15%-ы. Қазақстандық инвесторлар орналастырылған құнды қағаздардың жалпы көлемінен 47,5%-ын сатып алды. Орналастырылған акциялардың көлемі  451 млн АҚШ долларына бағаланған.

«Әлемдік қор нарықтарында қазан айының басынан бері құбылу байқалғанымен, біз өзіміздің алға қойған міндетімізді орындадық және IPO-ға шықтық, себебі бұдан өсімнің ұзақмерзімді перспективасын көреміз. Қазатомөнеркәсіп – Лондон биржасында (LSE) да, АХҚО (AIX) да халықаралық ІРО шығып жатқан тұңғыш квазимемлекеттік компания. Жария компания мәртебесі Қазатомөнеркәсіпке инвесторлар үшін барынша жариялы және түсінікті болуына мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» басқармасы отырысында.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның IPO – ҚР Үкіметімен 2016 жылы қабылданған мемлекеттік меншікті жекешелендіру бағдарламасының бірінші негізгі элементі. Бағдарлама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭЫДҰ ұсыныстарына сәйкес мемлекеттің экономикадағы үлесін ЖІӨ-нің 15% дейін қысқарту бойынша белгілеген міндеті аясында жүзеге асырылуда.

ІРО-ға жалпы 49 шетелдік және 16 отандық заңды тұлға, сонымен бірге Қазақстан Республикасының 2700 азаматы қатысты.