Ахметжан Есімов hr-qyzmet жалпы қызмет көрсету орталығының жұмысын бағалады
1085
16 Сәуір 2019
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов HR Qyzmet жалпы қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты (ЖҚО).
Тараптар ЖҚО мүмкіндіктерін бағалап, бірыңғай қызмет көрсету орталығын енгізудің артықшылықтарын талқылады және орталықты дамытудың болашақ жоспарларымен танысты. Өз кезегінде, қала әкімі Қордың еліміздегі ең ірі ЖҚО-ны іске қосу бойынша тәжірибесіне қызығушылық танытты.
Айта кеткен жөн, ЖҚО кадрлық бизнес-үдерістердің тиімділігін арттыру, HR-қызметтіне жұмсалатын шығындарды төмендету және еңбек ету барысын тиімді ұйымдастыру арқылы компанияларға өздерінің негізгі қызметіне негізделуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде ЖҚО Қордың компаниялар тобын кадрлық іс қағаздарын жүргізу, жалақы төлеу, сыртқы оқытуды әкімшілендіру, шетелдік жұмыс күшіне ақпараттық қолдау көрсету, қызметкерлердің аутстаффингі және байланыс орталығы бойынша қызметтер көрсетеді. Жобаның аясында Қор компаниялар тобының 13 мыңға жуық қызметкері қамтылған.
{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...