«Самұрық-Қазына» екібастұз ЖЭС-2 акцияларының 100% иесі болады
1279
23 Шілде 2019
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ «Интер РАО» ААҚ-нан «Екібастұз ЖЭС-2 станциясы» АҚ-ның 50% үлесін сатып алу туралы шешім қабылдады. Осылайша, Қор Екібастұз ЖЭС станциясы акцияларының 100% иесі болады. Жобаның Жол картасына сәйкес мәмілені 2019 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.
Айта кеткен жөн, Интер РАО» өзінің Екібастұз ЖЭС-2 станциясындағы акцияларын нарықтық шарттарда сатып жатыр, дегенмен мәміленің бағасы келісім аяқталғанға дейін жария етілмейді. Сондай-ақ, бұған дейін Қорда бұл станцияның 50% акциясы болғандықтан, бұл активтерді иемденуі қисынды болып саналады.
Мәміленің жабылуы белгілі шарттардың орындалуына, оның ішінде тараптардың басқару органдарының бұл мәмілені мақұлдауына, несие беруші банктердің ЕЖЭСС-2 станциясының акционерін ауыстыруға келісімін алуына және т.б. органдарға байланысты.
Сонымен қатар, Интер РАО компаниясы ЕЖЭСС-2 құрамынан шығу туралы шешімі оның негізгі нарығы– Ресейде жұмыс істеуге шоғырлануға деген ниетімен байланысты болғанын хабарлады. Екібастұз ЖЭС-2 үлесін сату жөніндегі мәміле аяқталғаннан кейін, «Интер РАО» ААҚ-да Қазақстан Республикасында активтері болмайды. Жақын арада Ресейде өндіруші қондырғыларды модернизациялау іске қосылады, оған Интер РАО белсенді қатысуға ниет білдіріп отыр.{{ $t('messages.news1') }}
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде іске асыр...
{{ $t('messages.news1') }}
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңес...
{{ $t('messages.news1') }}
AZCON Holding ірі активтерді басқару бойынша «Самұрық-Қазына» тәжірибе...