"Самұрық-Қазына" активтерді жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің жаңа директоры тағайындалды
1357
29 Қаңтар 2020
"Самұрық-Қазына" АҚ активтерін жекешелендіру және қайта құрылымдау департаментінің жаңа директоры болып Дастан Адиходжаев тағайындалды. Бұрын ол «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қарыз алу және инвесторлармен жұмыс жөніндегі департамені директоры қызметін атқарды.
Дастан Адиходжаев Халықаралық бизнес академиясында экономика, менеджмент және кәсіпкерлік факультетін бітірген. Сондай-ақ, ол Прага қаласындағы Ян Амос Коменский атындағы университетінде жалпы және стратегиялық менеджмент мамандығы бойынша білім алды.
Әр жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары, "ҚазТрансГаз" АҚ бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры және корпоративтік қаржыландыру және қазынашылық департаментінің сарапшысы болып жұмыс істеді.
Жаңа директор 2020 жылдың басында qsamruk.kz бос орындар платформасында жарияланған конкурстық іріктеу арқылы жұмысқа қабылданды. Байқау қорытындысы бойынша аталған лауазымға 371 үміткер ниет білдірді.
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» тобының 500-ге жуық қызметкері сенбілікке шы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Digital Cooperation Organizati...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов профессор Олаф Гротпен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
70-тен астам жоба: «Самұрық-Қазына» Қор тобында жасанды интеллектіні ж...