«Қазақтелеком» QazCloud және Cisco Systems бірлесіп, кәсіпкерлерге карантин кезеңінде арнайы қызметке ақысыз қол жетімділікті қамтамасыз етеді

«Қазақтелеком» QazCloud және Cisco Systems бірлесіп, кәсіпкерлерге карантин кезеңінде арнайы қызметке ақысыз қол жетімділікті қамтамасыз етеді

606

22 Сәуір 2020

«Қазақтелеком» және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ еншілес компаниясы QazCloud Cisco Systems компаниясымен бірлесіп, Cisco Meeting Server (CMS) әмбебап конференция платформасына елде төтенше жағдай жарияланғанына байланысты қашықтан жұмыс істеу форматына ауысуға мәжбүр болған компанияларды қолдау үшін ақысыз қол жетімділікті ұсынады.

Cisco Meeting Server – вебинарлар, веб-конференциялар өткізуге арналған және көпжақты ақпарат алмасудың кең мүмкіндіктері бар платформа. Шешім Қазақстан аумағында «Қазақтелеком» АҚ ең ірі дата-орталығы негізінде орналастырылған және Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заңнамасының барлық талаптарына сәйкес келеді. Бұл платформаға қол жетімділік қазақстандық компанияларға өз қызметкерлеріне құжаттармен, презентациялармен бірлесіп жұмыс істеуге, сондай-ақ бейне чат, хабарлама алмасу, веб-сессияларды жазуға және қорғалған кибер ортада көруге арналған бірқатар ыңғайлы құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Біздің клиенттеріміз, серіктестеріміз бен қызметкерлеріміз - біздің басты міндетіміз. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың қиын болуына байланысты көптеген компаниялар өз қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу түріне ауыстыру туралы шешім қабылдады. Серіктестеріміз жұмысшылар арасындағы байланысу деңгейін қамтамасыз ету арқылы қашықтан жұмыс істеуге ауысу үшін біз Cisco Meeting Server өнімін ақысыз пайдалануды ұсындық», - деді QazCloud бас директоры Қасым Есергепов.

«Ірі телекоммуникациялық оператор «Қазақтелеком» АҚ, QazCloud қызмет провайдері және онлайн-конференцияға арналған шешімдердің технологиялық көшбасшысы Cisco Systems бірлескен жұмысы қазақстандық компанияларға уақытша қиындықтарды жеңуге көмектеседі», - деді Қазақстандағы Cisco өкілдігінің директоры Владимир Соболев.

Компания сонымен қатар Cisco Meeting Server платформасын ыңғайлы жерде және ыңғайлы уақытта қолдану үшін Интернетке қатынау және компьютердегі немесе мобильді құрылғыдағы Интернет-браузер қажет екенін атап өтті.