«ЦИФРЛЫҚ ЖАЗ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮШІНШІ ТОЛҚЫНЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТУДЕ

«ЦИФРЛЫҚ ЖАЗ»  БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҮШІНШІ ТОЛҚЫНЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ӨТУДЕ

621

28 Шілде 2020

«Цифрлық жаз» бағдарламасының финалистері онлайн форматта тағылымдамадан өтуде. Тағылымдамаға 4 кезеңді іріктеуден сәтті өткен қазақстандық жоғары оқу орындарының 41 түлегі қатысуда.

Тағылымдаманың бағдарламасы жоғары оқу орындарының түлектерін кәсіпорындар, зауыттар және кеңсе орындарында тағылымдамадан өткізу мақсатында әзірленген. Бірақ, пандемияға байланысты бағдарламаны үзбей, уақытша оқу кезеңін онлайн форматқа ауыстыру туралы шешім қабылданды. Өз кезегінде, кәсіпорындарда, зауыттарда, кеңселерде тағылымдамадан өтуге тиіс 21 жоба қатысушысына бағдарлама шеңберінде оқудан өтуге мүмкіндік берілді.

Ағымдағы жылдың финалистері онлайн форматта оқудан өтіп, іс-шараларға, отырыстарға және конференц-қоңырауларға толыққанды қатысады. Сонымен қатар, тәлімгерлермен бірге автоматтандыру, жобаларды басқару, ақпараттық жүйелерді әзірлеу бойынша жобаларды іске асыруға белсенді қатысады.

Әрбір қатысушыға компания қызметкерлерінің ішінен жеке тәлімгер бекітілген. Сонымен, бағдарлама стажерларының бірі уақытша Новосибирск қаласында, бірақ Атырау қаласында тағылымдамадан өтуде, сондай-ақ тәлімгермен бірге геология және мұнайхимия саласында кәсіби дағдыларын арттыру бойынша жұмыс істейді.

Шілде айының соңында қатысушылар IBM, Kaspersky, Microsoft, Cisco компанияларынан «Тиімді коммуникация» және «Power BI-дегі заманауи бизнес-аналитика» тақырыптарында тренингтерден өтті.

Өз кезегінде, жобалау тобы «Хакатон» әзірлеушілер форумын онлайн өткізуге дайындалуда. Бірнеше онлайн-алаңдарды пайдаланудан бастап әр команданың онлайн-менторлығына дейінгі барлық техникалық мүмкіндіктерді іске қосу жоспарланып отыр. Бұл түрлі аймақтардағы барлық мамандарды тартуға және осы іс-шараны өткізуге күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Цифрлық жаз» бағдарламасы https://digital-summer.sk.kz/index қазақстандық жоғары оқу орындарының бакалавриат және магистратура студенттеріне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазпочта», «Самұрық-Энерго», «Қазақтелеком» және т.б. портфельді компанияларында 2 айлық тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Жоба іске қосылған сәттен бастап 2018 жылы Қордың компаниялар тобына 43 жас маман жұмысқа орналастырылды.

Ағымдағы жылы қазақстандық студенттерден бағдарламаға қатысуға 2289 өтінім келіп түсті, оның ішінде 62 түлек іріктеуден сәтті өтіп, бағдарлама бойынша тағылымдаманы бастады