ВОЛОНТЕРЛЕР МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ
1032
04 Тамыз 2020
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының волонтерлері көп балалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға азық-түлік жеткізді.
Нұр-сұлтан және Ақтау қалаларынан 85 отбасы «Қайырымдылық марафоны» акциясы аясында азық-түлік себеттері түрінде гуманитарлық көмек алды.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жыл «Самұрық-Қазына» Қорында волонтерлік жыл болып жарияланды.
«Біздің міндетіміз-мұқтаж адамдарға көмек және қолдау көрсету. Іс - шараның мақсаты - қоғамның, әсіресе жастардың саналы ойлауын қалыптастыруға үлес қосу және волонтерлік қызметті жетілдіруге жәрдемдесу», - деді әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының жобалық менеджері Ажар Әбдиева
Айта кету керек, SK Volunteer компаниялар тобының волонтерлер лигасы «Волонтер жылында» құрылды және «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының барлық қамқор қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы http://volunteer.sknews.kz/ сайтында өтініш беру арқылы волонтер бола алады.
Қор тобында волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor көмек қажет адамдарға қамқорлық жасауды, Umit – қоғамдық волонтерлік, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесу, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосу.


{{ $t('messages.news1') }}
Дербес қорлар енді жай ғана инвестор емес, жаһандық тұрақты трансформа...
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ теміржол желісін дамытып, жылжымалы құрамды жаңартып жатыр
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ-ның үш реттік листингісімен IPO-сын 2026 жылы өткізу жоспарланып о...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен National Mining Corporation Kenya (NAMICO) Кен...