ВОЛОНТЕРЛЕР ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР МЕН АРДАГЕРЛЕРГЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖИЫНТЫҒЫН ЖЕТКІЗДІ
807
02 Қазан 2020
SK Volunteer Еріктілер лигасы жалғыз тұратын зейнеткерлерге, ерекше қажеттіліктері бар қарт адамдарға, тыл және ҰОС ардагерлеріне азық-түлік себеттерін жеткізді. Жалпы алғанда, белсенділер 50 қарт адамға гуманитарлық көмек көрсетті.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың мамыр және шілде айларында «Жеңіс» жобасы аясында еріктілер Қазақстанның 35 қаласынан келген 600-ден астам Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетті. Жалпы, жыл соңына дейін республика бойынша 1500-ден астам қарт адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету жоспарланып отыр.
«Ата-әжелер үшін сыйлықтар мен заттар маңызды емес, бірақ оларға көңіл бөлу мен қамқорлық қажет. Осындай іс-шаралардың арқасында волонтерлер өз тәжірибелерін қабылдай отырып, егде жастағы адамдармен байланысады. Мұндай қарым-қатынас жастарды да, ересектерді де шабыттандырады», - әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникация орталығының жоба менеджері Абдиева Ажар.
Естеріңізге сала кетейік, SK Volunteer Волонтерлер лигасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бей-жай қарамайтын қызметкерлері мен ел азаматтарын біріктіреді. http://volunteer.sknews.kz/. сайты арқылы өтініш беру арқылы ҚР кез келген азаматы волонтер бола алады.
Қор тобындағы волонтерлік төрт негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық жасауды, Umit – қоғамдық волонтерлікті, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесуді, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосуды көздейді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нурлан Жақыпов «Қазақстан темір жолы» ҰК» ...
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Катардың Сыртқы сауда жөніндегі министрі Ах...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-да халықаралық сарапшылардың қатысуымен «ҚазМұнайГ...
{{ $t('messages.news1') }}
«ҚМГ» бойынша өткен «Самғау» технологиялық сессиясының қорытындысы: үш...